Алматы облысында ірі жол апаты болып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қонаев-Алматы тас жолында жеңіл көліктердің соқтығысуынан жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілер қаза тапты.
«Алматы қаласының 20 жастағы тұрғыны BMW маркалы көлік құралын басқара отырып, жаяу жүргіншіні басып кетіп, Mercedes-Benz маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Соққы күшінен екінші жеңіл көлік те көшеден өткен кісіні соққан. Апат салдарынан екі жаяу жүргінші сол жерде қаза тапты», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.
BMW көлігінің жүргізушісі зардап шегіп, ауруханаға түсті.
«Барлық қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды және оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр», - деп толықтырды полициядан.