Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң жедел қызметкерлері мен шекарашылары Қаржы мониторингi агенттiгiмен бiрлесіп, «Қорғас» ШЫХО-ның қазақстандық бөлiгiнде жұмыс iстеген 8 жасырын казино әрекетінің жолын кестi, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2024 жылғы 18 шілдеде осы әрекетке қатысы бар деген күдікпен 32 шетелдік және 6 Қазақстан азаматы ұсталды.
«Тінту барысында ойын автоматтары мен үстелдер, құмар ойындарын ұйымдастыруға арналған техникалық жабдықтар, сондай-ақ көп мөлшерде ақшалай қаражат алынды. Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді», - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.