$478.93 €534.96 ₽5.16
×

26-бап өзгермейді. Конституцияға енгізілетін өзгерістер бірер күнде қабылданады.

AstanaTV
04.03.2017ж. 20:00
2667
26-бап өзгермейді. Конституцияға енгізілетін өзгерістер бірер күнде қабылданады.

-Жалпыхалықтық талқылау тек бір мәселе бойынша – 26-бап бойынша мәміле жоқ екенін көрсетті. Бұл статья бойынша заңгерлер көп жұмыс істеген. Түсіндірді. Өткізіп, қабылдауға болушы еді. Бірақ, білесіздер, Конституцияның аты Конституция. Конституция бойынша мәмілеге келуі керек – кілтипансыз, шорт кесусіз.

Президент билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді бөлу жөніндегі жұмыс тобының отырысында елдің мазасын қашырған 26-бапты өзгеріссіз қалдыруды ұсынды. Бірақ юристердің түсіндіру жұмысы жалғасады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Можно было провести и принять. Но понимаете, Конституция есть Конституция. По Конституции должен быть консенсус - без сучка и задоринки. Основная масса должна поддержать - это Конституция. В связи с этим я предлагаю оставить 26 статью в старом виде - как она была.Хотя я лично считаю, что такое положение нужно. Каждый гражданин имеет собственность - не означает только одну сторону вопроса. Много сторон. Мы об этом говорили. Было бы справедливо. Надо продолжать разъяснительную работу.

Сонымен Конституцияның 26-бабындағы «Қазақстан азаматы» деген тіркес қалады. Оны «әркім» деген сөзбен ауыстыру ұсынылған. Жекеменшік құқығының сақталуын қамтамасыз ететін бап. «Қазақстан азаматы» деп ғана жазсақ, заң жолымен сатып алған мүлкі бар шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың құқығын шектейміз,- деген түсіндірушілер.Адамдардың мазасызданғаны - «Жер шетелдіктердің иелегіне өтеді».  

Мынадай пайым. Экономист Жарас Ахметов exclusive.kz порталына берген сұхбатында/былтыр күзде/, «Жерді жекешелендіру керек. Оның бағасын теңгермелі ету керек. Ұсақ шаруаның жері арзандау дегендей. Әйтеуір Жер нарығы керек. Қосалқы шаруашылығы бар адам, бірақ түк шығара алмаған, жерін сатып, қалаға көшеді. Әрине, ондайларды жұмыспен қамту мәселесі бар. Ал ауылда жұмыс істей алатындар кооперация құрып, бірігеді. Шаруасын өз алдына дөңгеленте алатындар да болатыны сөзсіз...»,- деген.

Негізі, негізі классикалық экономика заңы бойынша солай болуы керек. Бірақ. Бірақ біздің мемлекеттің орналасуы, көршілері сияқты геосаяси мәселеден бастап, коррупция, белден басу, біреулердің заңнан жоғары тұратын «статусы» сияқты ішкі дерттері «классикалық заңдардың» классикалық үлгімен орындалуына күмән келтіреді. Алайда екінші жағынан, әрекет жасамаса, ауыл шаруашылығы, тиісінше, ауылдағы адамдардың қайраңда қалғаны қалған. Қазір неше түрлі бағдарлама, несиеге миллиардтаған қаржы бөлінеді. Ал тиімділігі, пайдасы неге көрінбейді? Мың жерден «желініп жатыр» дегенмен, түп-түгел «асалмайды» ғой. Яғни «бірнәрселерді» түбегейлі өзгерту керек. Ал өйтейік десек – Жер нарығын қалыптастыру сияқты, жаңа ғана санамалаған бірінші «бірақ» шығады...

Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым былай жазыпты:

Осы бір айдың ішінде біраз ашық та, жабық та, ресми де, бейресми де айтыс пен тартыс болды.
Бір қуантқаны: қазақтың көзі ашық, көкірегі ояу. Азаматтық қоғамымыз оянып келе жатыр. Немкеттілік пен немқұрайдылықтан арылып келеміз.
Екіншіден, билік те жер митингілерінен сабақ алып, тиісті нəтиже шығарған сияқты. Қазақ қоғамының, зиялы қауымның алаңдауы мен наразылығын ескере білді…
Басты мəселе біреу - ел егемендігі, қазақ мемлекетінің тəуелсіздігі, ұлттың ұйысуы, жердің тұтастығы. Бұдан асқан, бұдан биік мұрат жоқ! Ортақ жеңіс деп есептелік. Ұтылған жақ жоқ дейік. Барлығын да даурықпай шешуге болады. Жау іздеудің қажеті жоқ деп санаймын. Қалғанын шеше жатармыз. Қалғанына тарих төре, уақыт таразы.

Жарайды, бұл кішкене шегініс етін...

Сонымен жұмада Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституцияға енгізелетін өзгерістер бірінші оқылымда мақұлданды. Дүйсенбіде екінші оқылымда қарайды, осы демалыс күндері талдап.

Негізгі принцип өзгермейді – Қазақстанда президенттік билік сақталады. Президенттің мәлімдесі. Конституцияның 23 бабына өзгеріс енгізу ұсынылған. Бұл мәселе үшін жалпыхалықтық референдум өткізудің қажеті жоқ, деді Президент. 


Тұрғындардан 6 мыңнан астам ұсыныс түскен. Жұмыс тобы қолданыстағы 300 заң мен20 кодекске талдау жүргізген. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біздің президенттік билік жайында осы жылдарда неше түрлі сөз айтылатынын білеміз, өзімізде де, сыртта да. Бірақ та біз ең алдымен өзімізге, қазақстандықтарға, халқымызға не керек, сол жолмен жүрдік. Осы нағыз дұрыс жол.

Жұмада Президент 26-бапқа қайтып оралатынымызды ескертіп өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мен 26-шы бапты өзгеріссіз бұрынғы редакцияда қалдыру туралы шешім қабылдап,сіздерге ұсынып отырмын. Бұл заңды кейінге шегере тұрайық, бұл бапты.

Президент үкіметтік актілердің қолданылуына тыйым салып, Мәжіліске"мына заң жобаларын енгіз" деп тапсырма бере алмайды. Конституциялық кеңестің шешіміне де қарсы келе алмайды. Дегенмен әкімдерді орындарынан босату құзыреті сақталады. Түрлі жағдайларға мораторий жариялау құқы да Президенттің еншісінде қалады. Президенттің құзырында болған жалпы саны 35 уәкілеттік парламент пен үкіметке берілмек.

Әділбек Жақсыбеков, ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі:

Президенттен Конституциялық кеңестің шешіміне қарсы келу құқы алынады. Дегенмен Мемлекет басшысы, Премьер-министр және Парламент палаталары төрағаларымен кеңескен соң, мәслихаттардың құзыретін мерзіменен бұрын тоқтата алады.

Президенттен министрлерді тағайындау құқы да алынады. Енді президент тек Қорғаныс министрі мен Сыртқы істер министрін тағайындай алады. Қалғандарын депутаттар бекітеді.Алайда депутаттар "Ішкі істер министрін де Президент таңдауы керек" деген бастама көтерді. Есесіне депутаттардың құзыреті артады. Осы өзгерістер қабылданса, Мәжіліс құрамы жаңадан сайланған жағдайда, Үкімет өзінің өкілеттігін тоқтатады. Депутаттар қандай да бір министрдің жұмысын қанағаттанарлықсыз деп таныса, оны орынынан босата алады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Парламенттің министрлерді қызметінен босатуға құзыреті болады. Бұл механизм келесідей жұмыс істейді. Егер, мысалы, үштен екісі депутаттардың, үкімет мүшелерінің жұмысына қанағаттанбаса, жұмысы дұрыс емес деп шешім қабылдап жатса, сол кезде үштен екісі дауыс беретін болса, Елбасы оларды жұмыстан босататын болады.

Депутаттар да қарап қалмады, Конституцияда Президенттің табыстары аталып өтуі қажет, деп санайды.