$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Ақордада Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессоны қарсы алу шарасы өтті

AstanaTV
02.08.2024ж. 12:08
378
Ақордада Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессоны қарсы алу шарасы өтті

Ақордада Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессоны қарсы алу шарасы өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келген Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессоны Ақордада қарсы алды.

Содан кейін екі ел басшылары ресми делегациялардың құрамын таныстырды.

Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.