$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Алматы облысында екі жүк көлігі соқтығысты

AstanaTV
02.08.2024ж. 14:00
200
Алматы облысында екі жүк көлігі соқтығысты

Алматы облысында екі жүк көлігі соқтығысып, екі жүргізуші де зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиғаның мән-жайын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"1 тамыз күні сағат 17:11-де SHACMAN жүк көлігінің 59 жастағы жүргізушісі Алматы-Талғар тасжолының 12-шақырымында келе жатып, рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған "ЗИЛ" көлігімен соқтығысты", - делінген хабарламада.

Дәрігерлер 1964 және 1978 жылы туған жүргізушілерді түрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жатқызды.

Полиция тергеуді бастап, қылмыстық іс қозғады.