$495.2 €522.34 ₽4.94
×

Алаяқтар қолды қылған 6 көлік иелеріне қайтарылды

02.08.2024ж. 20:00
201
Алаяқтар қолды қылған 6 көлік иелеріне қайтарылды

Ішкі істер министрлігі көлік және жүк тасымалдау саласындағы алаяқтарды ұстады. Олар ұялы байланыс, мессенджерлер мен сайттарды пайдалану арқылы тапсырыс берушілерге өздерін автокөлік жүргізушісі ретінде, ал жүк көліктерінің иелеріне тапсырыс беруші ретінде таныстырған. Екі тарапты да алдап, көндіріп, тауарларды қолды қылып отырған. Осылайша бірнеше адам қымбат көліктері мен бағалы тауарларынан айырылып, сан соғып қалды. Қазір қаскөйлер ұрлаған 6 автомобиль иелеріне қайтарылды. Қылмысқа қатысы бар деген 5 адам құрықталды. Ұсталғандарға қатысты сот қамауға алу санкциясын шығарды. Олардың қылмыстық әрекеттерін құжаттандыру бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.