$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Түркістан облысында шекарада 775 келі героин тәркіленді

Түркістан облысында шекарада 775 келі героин тәркіленді

Түркістан облысында ірi партиядағы есiрткi контрабандасы арнасының жолы кесілді. ҰҚК Шекара қызметі есірткінің рекордтық партиясын Мемлекеттік шекара арқылы алып өту кезінде анықтады. Олар Қонысбаев атындағы бақылау-өткізу пунктінде шекарашылар қызметтік итті пайдалана отырып, ауыр жүк көлігінде аяқ киім креміне арналған ыдыстарға жасырылған күдікті заттарды тапқан. Сараптама заттардың құрамында героин барын көрсеткен. Оның жалпы салмағы - 775 келі. ҰҚК баспасөз қызметінің дерегінше, табылған есірткінің «қара» нарықтағы құны 15 млн АҚШ долларынан асуы мүмкін. Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды және сот санкциясымен олар қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.