$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Қоғамдық көлікті тізгіндеуге біліктілік пен сабырлық қажет", - көлік жүргізуші

02.08.2024ж. 20:00
406
"Қоғамдық көлікті тізгіндеуге біліктілік пен сабырлық қажет", - көлік жүргізуші

Тұрар Нұржанов алты жылдан бері автобус жүргізеді. Оның айтуынша қоғамдық көлікті тізгіндеуге біліктілік пен сабырлық қажет.

Тұрар НҰРЖАНОВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ:

15 жылдан бері көлік айдаймын. Соның ішінде алты жыл болды автобус айдап жатқаныма. Жұмысым әине өзіме ұнайды. Бала-шағамды осымен асырап жатырмын. Жұмысымыз алтыдан басталады сонымен 11 де бітеді ғой. График береді сол графикпен жүреміз ғой уақытпен.

Айта кетейік еліміздің көлік логистика саласында 670 мыңға жуық адам қызмет етеді. Сондай-ақ орта және жоғары оқу орындарында 60 мыңға жуық маман даярлануда.

Ләззәт СТАМҒАЗИЕВА, ҚР КӨЛІК МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жалпы күні кеше көлік министрлігі ғимараты алаңында көлік министрі Марат Қарабаев кәсіби мерекемен мамандарды құттықтаған болатын Марат Қарабаев. Ведомства басшысы жыл бойы аянбай еңбек еткен мамандарға төс белгілерін құрмет грамоталарын табыстады. Оның ішінде мемлекет басшысының атынан табысталған дүниелерімізде бар.

Елімізде 30 мыңға жуық автобус жүргізушісі бар. Ал елорда да 10 мыңға жуық қоғамдық көлік қатынайды. Ал халқаралық бағытта 610 көлік жүреді. Облыс аралық бағытта 1100 автомобиль жүріп тұрады. Сонымен қатар автобус паркін жаңарту бағытында 3000 жаңа автобус алынған.