$524.24 €612.94 ₽6.68
×

«Нұр жауып тұрған көктемде»!

AstanaTV
04.03.2017ж. 20:00
3910
«Нұр жауып тұрған көктемде»!

Осыдан 11 ай бұрын марқұм Әуезхан Қодардың ол туралы мақаласы шыққан. «Азаттық» порталында жарық көрген дүние «мен әңгіме етпек тұлға 90-шы жылдары өте танымал айтыскер ақын болған. Сонымен қатар, әншілігі де, сазгерлігі де бар. Жазба ақын ретінде де бірнеше кітап шығарған. Бұл санқырлы талант иесінің атын ата десеңіз, ол, әрине, Елена Әбдіхалықова»- деп басталады. 

Мен өлгенде...

Ештеңе өзгермейді,

Бүлінбейді.

Күн де сол баяғыша күлімдейді...

Бірінің етін бірі жеген қазақ,

Салтынан сол бұрынғы сүрінбейді...

Мықты. Бірақ әңгімені сағындырып жеткен көктемнен немесе «Нұр жауып тұрған көктемде, есіңе мені алғайсыңнан» бастайық. Еленаның бұл әні сөз жоқ, тамаша әндердің алдыңғы жағында. Сұхбатын тыңдайық. Ол рухани аға-апасы Әбіш пен Фаризаны күніне бір рет еске алады...  

Елена Әбдіхалықова, композитор, ақын, әнші:  

Әбіш, Фариза... Ол кісілерді мен күніге бір рет айтады екенмін. Әбіш аға сөйдеп еді, Фариза апа бүйдеп еді деп. Ол кісілер алыстаған сайын, биіктеп барады. Ол кісілер әлі естелік, ешнәрсе жазған жоқпын. Бірақ ішкі дүнием қатты жоқтайды. Болашақта жазатын дүниелерімнің көбісі соларға байланысты болады-ау. 

Мен сөзбен ауыратын адаммын. Фариза апайға айтушы едім, Мұқағалидің сізге арнаған өлеңінде «Қасиетін сезем деп ана тілдің, қауырсыны қалмады қанатымның» деген керемет екі жол бар. Сол сөз маған қатты әсер етеді дегенімде, Фариза апай, өте дұрыс- деген... Жігітінен қазақтың дос таба алмай, қыз да болсаң, мен саған мұң шағамын- дегенін сұмдық деп ойлайды. Шын мәнінде «сұмдық» ол сен айтқан жолдар дейтін. Сол сияқты маған да өлең әсер етеді. 

Соңғы кезде жазған тағы бір әнім, жас ақын, көрнекті тұлғаға айналып келе жатқан Ерлан Жүністің өлеңіне. «Көздеріңе ғашықпын» әнін жазғаныма 30 жыл болыпты. Ол да Ұлықбек ағамыздың керемет өлеңі. Қазақы болмысты қатты сақтаған адаммын. «Күйдім, сүйдім» деген өлеңдерге ән жазбаймын. Анайы айқайлау... «Есіңе мені алғайсың», «Көздеріңе ғашықпын» ондай сөздер болмаса да, тұнған махаббат. 

Әуезхан Қодар 7-8 өлеңімді аударды. Ол кісі үлкен интеллектуал еді. Терең философ. Ол кісімен көп араластым деп айта алмаймын. Менің рухани таныған адам болды. Әрине, өмірі қысқа болды. Әлемдік дәрежеде біздің мәдениетінімізді көрсете алатын адам еді. 

Осы күнге дейін көргеніміз, болып жатқан өзгерістер және космостық жылдымдақпен дамып бара жатқан заман, халықтың сұранысы, қоғамның үдерісі, кейбір жағдайда прогресс, кейбір жағдайда регресске ұшырап жатқан біздің рухани дүниелеріміз, осы қайшылықтар әсер етті. Қайшылық көп...

Жер бетінде болып жатқан жағдайларға қарасақ, кейде бақыт деген күліп отырып, өз шаңырағыңның астында, ағайынның арасында өмір сүру сияқты. Әрине, бұл ең үлкен бақыт. 

Бала кезімізде гүл болмайтын. Кезінде анамызға гүлді сурет етіп салып беретінбіз... Көктемнің басы. Наурыз мерекесіне дейінгі мереке. Барша аналарды, жеңгелерді, апаларды құттықтаймын. Аналардың жанарына жас толмасын! 

Павлодар облысының әкімі Б.Боқауов Наурыз мейрамын біздің жақта күн жадырай қоймайды, кейінірек өткізейік деген. Жұрт наразы болды. Әлеуметтік желілерде қоймай жазды. Ақыры облыстың шенеуніктері жоқ, жиырмаларындағы наурыз мейрам өтеді. Тек киіз үйлерді 1-мамырда тігеміз деп ақталуға дейін барды. Ал қазақ әдебиеті не болар екен?