$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанайда «Есірткі мафиясына» қатысы бар 18-ші экс-полицей жазаға кесілді

AstanaTV
03.03.2017ж. 20:00
2138
Қостанайда «Есірткі  мафиясына» қатысы бар 18-ші экс-полицей жазаға кесілді

Қостанайда «Есірткі мафиясына» қатысты тағы бір экс-полицей сотталды. Көлеңкелі  бизнесті  «қалқалап» келген ішкі істер бөлімінің бұрынғы қызметкері Айдос Байтұрсынов 3 жылға бас бостандығынан айрылып, шенінен қағылды.

Ол заңсыз әрекет жасағандардың қылмысын жасырып, ұйымдасқан топтың мүддесін қорғаған. Осы қызметі үшін бірнеше рет ақша мен есірткі заттарын алған. Оның қолына сот залында кісен салынды.

«Есірткі мафиясы» деген атышулы қылмыстық іс бойынша аймақтағы экс-полицейлердің алғашқы легі 2014 жылы  жазаға тартылды. Ұйымдасқан топ жетекшілері мен сыбайластары ұзақ мерзімге бас бостандығынан айрылған. Айдос Байтұрсынов - қылмыстық іске қатысы бар он сегізінші  полицей.