$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазгидромет ескерту жасады: Бүгін біршама өңірде дауыл соғып, бұршақ жауады

AstanaTV
04.08.2024ж. 11:32
407
Қазгидромет ескерту жасады: Бүгін біршама өңірде дауыл соғып, бұршақ жауады

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» РМК 4 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтап қалады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде. Тек елдің оңтүстігінде және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша желдің күшеюі, бұршақ, солтүстік және шығыс облыстарда дауыл, республиканың оңтүстік-батысы мен солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.