Атырау маңында інісімен бірге суға батып кеткен қыздың денесі үш күн іздеуден кейін табылды,, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 тамызда сағат 18:53-те Атырау қаласының Құрманғазы ауылында сүңгуірлер баланың денесін тауып, судан шығарып алған.
"Сүңгуірлер 1-3 тамыз аралығында барлығы 20 су асты сүңгуін өткізді. 12-15 метр тереңдікте алты мың шаршы метр аумақ зерттелді. Су астындағы іздеу жұмыстарына күшті ағын, су астындағы бөгде заттардың көптігі және нөлдік көріну кедергі болды", - деді аймақтық ТЖД.