$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"3,5 миллиард теңге!" Ханшайым Кейт Миддлтонның образының құны белгілі болды

AstanaTV
05.08.2024ж. 08:08
236
"3,5 миллиард теңге!" Ханшайым Кейт Миддлтонның образының құны белгілі болды

Қазақстандық блогер Жансая Махабаева әлеуметтік желіде Уэльс ханшайымы Кэтриннің образына талдау жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер ханшайымның бір образы қанша теңге тұратынын есептеп шыққан. 

Ханшайымның қолындағы Emmy London шағын сөмкесі 263 мың теңге болса, Cornelia James брендінің қолғабы 110 мың теңгені құрайды. 

Бұл образдағы ең қымбат әрі қызық нәрсе Garrard броші, оның құны - 211 150 000 теңге. Оған 3 100 000 000 теңгеге бағаланған сапфир тасы бар неке жүзігін және осы жүзікке лайықтап жасалған 139 050 000 теңге тұратын жаңа сырғасын қосыңыз.

Осылайша Кэтриннің бір образы шамамен 3 470 000 000 теңгеге бағаланған.