$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Brent мұнайының бір баррелі 76,4 долларға дейін арзандады

AstanaTV
05.08.2024ж. 14:51
230
Brent мұнайының бір баррелі 76,4 долларға дейін арзандады

Эталондық мұнай маркасының бағасы дүйсенбі күні таңертең аздап төмендеді, деп жазады inbusiness.kz сайты  

Лондондағы ICE Futures биржасында қазан фьючерстерінің Brent сұрыпты мұнай құны барреліне 76,43 доллар болды. Бұл алдыңғы сауда-саттықтың жабылуынан 0,38 долларға (0,49%) төмен. Өткен сессияның нәтижесі бойынша бұл келісімшарттар 2,71 долларға (3,4%), барреліне 76,81 доларға дейін арзандады.

Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық сауда-саттығында қыркүйек айына арналған WTI мұнай фьючерстері барреліне 73,07 долларға дейін төмендеді. Өткен жұмада келісімшарт 2,79 долларға, барреліне 73,52 долларға дейін арзандады.

Өткен аптаның қорытындысына сәйкес, Brent бағасы 4,3%-ға, WTI 4,7%-ға төмендеді.