$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Күзде Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға ресми сапармен барады

AstanaTV
05.08.2024ж. 18:02
605
Күзде Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға ресми сапармен барады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.

Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшылары қазақ-түрікмен қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударып, Қазақстан Президентінің биыл күзде Түрікменстанға жоспарланған сапарының дайындық барысын талқылады.

Әңгімелесу барысында көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды екені атап өтілді.