$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда «Таза жағалау» акциясы аясында «Жасыл ел» еңбек жасағы сарбаздары мен белсенді жастар Жайық өзені жағасын тазалауға шықты

AstanaTV
05.08.2024ж. 20:00
345
Атырауда «Таза жағалау» акциясы аясында «Жасыл ел» еңбек жасағы сарбаздары мен белсенді жастар Жайық өзені жағасын тазалауға шықты

Атырауда «Таза жағалау» акциясы аясында «Жасыл ел» еңбек жасағы сарбаздары мен белсенді жастар Жайық өзені жағасын тазалауға шықты. Солардың бірі – Мақаш Бекмұхамбетов атындағы орта мектептің оқушысы Хамилә Өскінбай. Әпкесінің ұсынысымен биыл алғаш рет еңбек жасағы қатарына қосылған. Жаңа ойлы жастармен бірге туған жердің табиғатын, тазалығын қорғауға үлес қосып жүр.

Хамилә ӨСКІНБАЙ, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ САРБАЗЫ:

Көбінесе, баклажка, пластиктержәне балықшылардың тастап кеткен торлары сондай заттар көп екен. Соларды лақтырмауға шақырамыз. Атырау қаласының табиғат жанашыры болуға, табиғатты көркейтуге үлес қосқым келді.

Авангард ықшам ауданы жағасындағы тал-терек, қамыс арасы қоқысқа толы. Әсіресе, демалушылардан қалған пластикалық ыдыстан көз сүрінеді. Қала маңындағы алты округтен келген 70-тен астам жас күл-қоқысты жинап шықты. Мұндай акция апта сайын өтеді,- дейді ұйымдастырушылар.

Рахат ҚАЛИ, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:

Барлық ауданда және қалада үлкен 200 адамдық тазалық акциясын өткізу жоспарланған. Және одан бөлек бізде әр апта сайын экологиялық мәдениетті арттыру бойынша тазалық акциясы әр ауданда өткізіліп тұрады. Өткен аптада «Жұмыскер» ықшам ауданында. Қазір авангард ықшам ауданында болывп жатыр. Мүмкіндік болса Атырау облысында барлық аумақтарды қоқыстан тазартамыз,-деген ойдамыз.

«Таза Жағалау » экологиялық акциясы аясында өткен аптада 1 тоннаға жуық қоқыс шығарылған. Жағалаудан бөлек тұрғындар жиі демалатын саябақтар мен алаңдардан да қоқыс қалдықтарын жинап, арнайы алаңға жібереді.