$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"500 мыңнан астам дауды қарадық", - медиатор

05.08.2024ж. 20:00
248
"500 мыңнан астам дауды қарадық", - медиатор

Бүгін соттан тыс дау-жанжалдарды шешуге көмектесетін мамандардың кәсіби мерекесі. Елімізде медиация саласы сот процестеріне балама ретінде дамып келеді. 2011 жылы қабылданған Медиация туралы заң, халық үшін маңызды қадам болып есептелді. Айта кетейік қазақстанда 2000-нан астам кәсіби медиаторы бар 16 ұйым жұмыс істейді. Сонымен қатар, өңірлерде шамамен 1771 қоғамдық сала маманы қызмет атқарады.

Қайрат ТУЛЕКЕЕВ, «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» МЕДИАЦИЯ САРАПШЫСЫ:

Біз басқарып отырған халқаралық медиация орталығы 500 мыңнан астам процедураларады өткізген. Ол даулар еңбек дауы, бизнес дауы, комерциялық дауларды осылай шешіп отырған. Соның бәрі сотқа дейін шешіліп отырған. Сот арқылы шешілгендері бар, олар 20% болуы керек. Қалғанын енді қоғам өзі шешіп отыр.