$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылордада мемлекеттен қаржыландырылатын үйірмелерге FACE ID мобильді қосымшасы енгізілді

Қызылордада мемлекеттен қаржыландырылатын үйірмелерге FACE ID мобильді қосымшасы енгізілді

Қызылордада шығармашылық және спорттық үйірмелерге пилоттық жоба ретінде FACE ID мобильді қосымшасы енгізілді. Бұл мемлекет қаражатын мақсатты әрі жүйелі жұмсалуын қадағалауға мүмкіндік береді дейді жауаптылар. Себебі былтырғы тексеріс нәтижесі көңіл көншітпейді.

Серік Жұматов, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Былтыр прокуратураның тексеруімен 40-қа жуық өнім берушілерден жалған балаларды тіркеу фактілері анықталды. Оның ішінде біразы өз еркімен мойындап бюджет қаржысын қайтадан бюджет кірісіне қайтарғандар болды. Келіспегендермен қылмыстық іс қозғалды. Әлі күнге дейін қылмыстық процестер жүріп жатыр.

Аймақта «Артспорт» жобасы бойынша 37 мыңға жуық оқушы тегін үйірмелермен қамтылған. Бұл 4-17 жас аралығындағы балалардың 15 проценті. Алайда тізімді тек қазағаз жүзінде толықтырып тұрғандар да бар. Сондықтан жауаптылар моблильді қосымшаны енгізіп, санға емес сапаға жұмыс жасаймыз дейді. Ал ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне алаңдап отыр.

Жігер АЙЕКЕШОВ, ОЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мобильді қосымшаға түсірген суреттер дереу қауіпсіз серверге сақталуға жөнелтіліп , ғаламтор мен әлеуметтік желілерге тарамауына кепілдік берілген. Бала суретке түсірген уақытта балаңыз суретімен тұрмайды ол жерде. Тек қана кодтармен ғана сақталады. Топтар бойынша балалар саны шығарылып, нәтижесінде күнделікті келген бала есебіне табельді автоматты түрде толтыруға қажетті статистикалық мәліметтер алынады.

Бүгінде балабақшаларға FACE ID мобильді қосымшасы енгізілген. Соның нәтижесінде былтыр 3 млрд 800 мың теңгеге жуық мемлекет қаражаты үнемделген дейді мамандар. Сондықтан оның нәтижелі болатынына сенімді.