$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оралда пәтеріндегі жылу жүйесін заңсыз өзгерткендер көбейіп барады

AstanaTV
03.03.2017ж. 20:00
2479
Оралда пәтеріндегі жылу жүйесін заңсыз өзгерткендер көбейіп барады

Оралда пәтеріндегі жылу жүйесін заңсыз өзгерткендер көбейіп барады. Пысықайлар  балконын бөлмеге қосып кеңейтіп, еденіне жылу құбырын жүргізуді әдетке айналдырған. Қаладағы әрбір көпқабатты үйде кемінде 3-4 пәтердің жылу жүйесі осылай өзгертілген. Жылу таратушылар осының кесірінен үйге берілетін жылу азайып, көрші пәтерлер зардап шегеді,-дейді. Әрі бұл - заңға қайшы. Мұндай пәтерлер тұрғындардың арызы бойынша тексеріледі екен. Осындай шаралар кезінде "Жайықжылуқуат" мекемесінің қызметкерлері 60 пәтер мен 4 дүкеннің және бір дәріхананың жылу жүйесі өзгертілгенін анықтады.

Бекболат Қамешов, "Жайықжылуқуат" АҚ жылу инспекциясының басшысы:

Біздер оларға ескерту береміз. Үш күннің ішінде олар орнына келтіруі керек бәрін. Олар штрафтан қорқып, бәрін орнына келтіреді. Штраф бізде жеке адамдарға 106 мың, ал заңды тұлғаларға 150-200 АЕК дейін. Көбі сол штрафтан қорқады.