$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Елдос Сметовке жаңа көлік пен 5 бөлмелі пәтер берілді

AstanaTV
06.08.2024ж. 08:51
208
Елдос Сметовке жаңа көлік пен 5 бөлмелі пәтер берілді

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке жаңа көлік пен 5 бөлмелі пәтер берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Олимпиада чемпионына туған жері Таразда құрмет көрсетілді. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Сметовке жаңа Lexus 600 автокөлігі мен Тараз қаласынан 5 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Сметовтің жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевке де 2 бөлмелі пәтер берілді.