Енді есірткі өндіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл заң Парламент мәжілісінде қаралуда. Айта кетейік осы жылдың жеті айында құзырлылар 38 есірткі цехын әшкерелеген. Сала мамандарының айтуынша өндіріс орындарының басым бөлігі синтетикалық түрін әзірлейтіндер. Тек Алматыда осындай 11 факт анықталды. Eкінші орынды Алматы облысы тұр, онда полицейлер жеті заңсыз синтетикалық есірткі өндірісін жойды. Қылмыскерлерден 200 кг-нан астам "синтетика" және екі тоннадан астам прекурсор тәркіленген.
Бақытжан ӘМІРХАНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұлардың жазасын күшейтуді ұсындық. Ол туралы мемлекет басшысы ұлттық құрылтайда да атап кетті. Аталған заң жобасы бойынша ұсыныстар әзірленді. Ол жақта 20 жыл бас бостандығынан айырылады, болмаса өмірбақи бас бостандығынан айырылады. Өте қатаң жаза беруін сұрап отырмыз. Бүгінгі таңда олар 15 жыл алады да оңай құтылып кетеді.