$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Швециядан Казақстанға есірткі тасымалдаған күдікті 18 жылға сотталды

AstanaTV
06.08.2024ж. 18:32
218
Швециядан Казақстанға есірткі тасымалдаған күдікті 18 жылға сотталды

Астанада Швециядан Казақстанға есірткі тасымалдаған "Д" есімді азамат 18 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

"25.07.2024 жылы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты халықаралық есірткі тасымалдау схемасына қатысы бар "Д" есімді азаматқа қатысты үкім шығарды.Сотталушы Швециядан 479 грамм аса ірі көлемде гашиш жеткізуді ұйымдастырып, оны құжаттар қорабына жасырды. Есірткі бетбелгі жүйесі арқылы есірткіге тәуелді адамдар арасында одан әрі сақтауға және таратуға арналған" делінген хабарламада.

Сотта мемлекеттік айыптаушы кінәні дәлелдейтін айғақтарды келтірді. Құқық қорғау органдарының жедел әрекеттерінің арқасында 500 дозадан астам есірткінің таралуын болдырмауға мүмкіндік туды.

Сот процесі сотталушыны бірауыздан кінәлі деп таныған алқабилердің қатысуымен өтті. Сот оны 18 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бүл туралы Қазақпарат хабарлайды.