$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Шұжықтан стафилококк бактериясы анықталды

AstanaTV
07.08.2024ж. 00:15
287
Шұжықтан стафилококк бактериясы анықталды

Жетісу облысының тұтынушылар құқығын қорғау маманы дабыл қағуда

Отандық өнімнен стафилококк бактериясы анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Адам денсаулығына қауіпті инфекция «Сиыр еті» деп аталатын шұжықтан шыққан. Мұны тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігінің сарапшысы Жанна Биятан мәлімдеді. Ол тауарды Талдықорған қаласындағы дүкендердің бірінен сатып алып, Жетісу облыстық сараптама орталығына тексеруге берген. Зертханада оның құрамынан сары стафилококк анықталыпты. Сондай-ақ, жартылай дайын өнімнің өндірілген күні, жарамдылық мерзімі көрсетілмеген. Сарапшы жауапты мекеме өкілдерінен тездетіп шұжықты сатылымнан алып тастауды сұрайды. Ол үшін зерттеу нәтижесін де жолдаған.

- СЭС органдарына хат жолдап отырмыз, әкімшілік кодекстің 425 бабы бойынша жаза қолдану керек. Дайыров көшесіндегі «Камила» деген дүкеннен сиыр еті, мұсылман шұжығынан сатып алған. Сол шұжық өнімінен стафилакокк шығып отыр, - дейді Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің сарапшысы Жанна Биятан.