$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Әр орамаға 2,5 мың теңге". Есірткі жасырған қарағандылық сотталды

AstanaTV
07.08.2024ж. 12:04
335
Әр орамаға 2,5 мың теңге". Есірткі жасырған қарағандылық сотталды

Жеңіл ақша табамын деп есірткі жасырумен айналысқан қарағандылық сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарағанды политехникалық колледжінің 17 жастағы 3 курс студенті былтыр сәуір айында интернеттен курьер қажет екені туралы хабарландыруды көреді. Ол көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалып, жұмыстың қиын емес екенін, сонымен қатар, жалақысының жоғары екенін біледі. Жасөспірім жақсы оқымағанымен, ұстаздар тарапынан шағымдар болмаған, әкесімен және өгей шешесімен бірге тұрады (олар оны толығымен қамтамасыз еткен), дегенмен ол жеңіл ақша табуға шешім қабылдайды.

Осылайша 17 жастағы жігіт курьер болды. Алынған геолокация бойынша 5-15 жиынтық тауып, оларды бір-бірден орап, Қарағанды көшелеріне салып кететін, кураторға фотоесеп жіберіп отырған (оған қатысты материалдар жеке өндіріске бөлінген).

Әрбір салынған орама үшін банк картасына 2,5 мың теңгеден аударым алып отырған, оны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Былтыр қараша айында 15 ораманы алып, оның 4-ін таратқан сәтте оны полиция қызметкерлері ұстайды.

Жасөспірімнің сөмкесі мен қалтасынан психотроптық зат (мефедрон) бар 11 орама пакет табылды. Жасөспірім психотроптық заттың аналогын өткізумақсатында басқа адаммен алдын-ала сөз байласу арқылы электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы адамдар тобымен заңсыз сақтады деп айыпталды (ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1), 3), 5) тармақшалары бойынша).

Айыпталушының кінәсі – куәлардың, полиция қызметкерлерінің айғақтарымен, куәгерлермен, сараптамалардың қорытындыларымен, салынған орамдардың фотосуреттері табылған ұялы телефонды тексерумен, куратормен хат алмасумен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді.

Жаза тағайындау кезінде сот назарға алды:

аса ауыр қылмыс санатына жататын және жоғары қоғамдық қауіпті білдіретін іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін,

сотталушының жеке басы, оның мінез-құлқын,

жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар (сотталушының кәмелетке толмаған жасын, кінәсін мойындау және жасаған қылмысынаөкінуін, оң мінездемелерін), ауырлататын факторлардың болмауын;

тағайындалған жазаның сотталғанды түзетуге және жаңа қылмыстардың алдын-алуға әсерін.

ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі 1),3),5) тармақшасының 3-бөлігі мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Айыпталушы айыпты деп танылды және оның кәмелетке толмаған жасын ескере отырып, ол 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.