$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Үлкен Алматы шатқалында ер адам қайтыс болды

AstanaTV
07.08.2024ж. 15:58
168
Үлкен Алматы шатқалында ер адам қайтыс болды

Үлкен Алматы шатқалының тауларында 66 жастағы ер адам қайтыс болды.

Республикалық жедел-құтқару жасағының мәліметінше, 1958 жылы туған ер адам тауға жалғыз шыққан.

Кейіннен келіскен уақытында байланысқа шықпағандықтан, туыстары құтқарушыларды шақырған.

"РЖҚЖ жедел тобы ер адамның денесін Үлкен Алматы көлінен төмен орналасқан төбелерден тауып, алаңға түсіріп полиция қызметкерлеріне тапсырды",- делінген ақпаратта.