Ақтөбе облысы полиция департаментінің мәліметінше, 7 тамызда Самара-Шымкент автожолының 862-шақырымында жол-көлік апаты орын алды. Салдарынан 6 адам опат болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жүк көлігі мен минивэн соғысқан.
«Апат салдарынан Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі және оның бес жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Оның үшеуі – бала. Алдын ала мәліметтер бойынша, балалар мен ата - аналары футболдан жарысқа басқа облысқа бара жатқан», - деп хабарлады ПД.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.