$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Абай облысында өрт сөндірушілер 2 тәулік бойы қызыл жалынмен күресті

AstanaTV
07.08.2024ж. 18:29
215
Абай облысында өрт сөндірушілер 2 тәулік бойы қызыл жалынмен күресті

Үржар ауданында ашық аумақта 7000 га аумақта құрғақ шөп жанды.

ТЖМ хабарлауынша, өртті сөндіруге ауа райы, жердің күрделі рельефі кедергі келтіріп, көбіне жаяу жүріп сөндіруге тура келді. Өрт толығымен екі тәулікте сөндірілді.

«Өртті жоюға ТЖД, ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімі мен жергілікті атқарушы органдардан 134 адам және 19 бірлік техника жұмылдырылды, сондай-ақ аэровизуалды тексеру үшін пилотсыз ұшу аппараты қолданылды», - деп хабарлады ТЖМ.