$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері ауыл тұрғындарының мәселесін тыңдады

«AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері ауыл тұрғындарының мәселесін тыңдады

«AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері Шиелі ауданына қарасты ауылдарды аралады. Олар Бәйтерек және Иіркөл ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен тілдесті. Халық көбіне жолдың жайын айтуда. Солардың бірі - Ұлмекен Назарбекова. Айтуынша жылдың басында жауаптылар Бәйтерек ауылының 9 көшесін жөндеуге уәде еткен. Алайда ол келесі жылғы жоспарға ығыстырылған. Енді тұрғындардың ауылдағы шаңы аспанға көтеріліп жатқан маңызды 3 көшеге биылдан қалдырмай асфальт төссе деген тілегі бар.

Ұлмекен НАЗАРБЕКОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

«AMANAT» партиясының басшысына барып ақылдасып, сөйлесіп сол тапсырмамды айттым. Ол кісі біз барлық документациясын жасап, ақшасын барлығын аударып қойғанбыз. Өзімнің қарамағыма аламын. 2025 жылы толықтай орындаймын. Биыл егер жергілікті биліктің қаражаты жеткілікті болса 3 көшені қолға аламын деп жауап берді. Көп рахмет.

Жыл басынан бері партияның 257 мобильді қоғамдық қабылдауы өткізілген. 300-ден аса елдімекен қамтылып, 2500-ге жуық өтініш қаралған. Бүгінде оның 45 проценті шешімін тапқан. Осындай шаралардың нәтижесінде ел сенімі артып, қабылдауға келушілер қатары 15 пайызға артқан.

Ермұхамед ЖҰМАБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ МЕҢГЕРУШІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда 30-ға жуық өтініш түсіп отыр. Біз бұл мәселелерді шешуге жұмыстанамыз. Жергілікті жерде шешілетіндер жергілікті жерде шешіледі. Ал республикалық деңгейді шешетіндерді, жалпы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде министрлер қоғамдық қабылдау жүргізеді. Вице-министрлер, Парламент Мәжілісінің депутаттары. Солардың алдына осы мәселелерді қоямыз.