×

Үлкен Алматы шатқалында 66 жастағы ер адам қайтыс болды

AstanaTV
07.08.2024ж. 20:00
Үлкен Алматы шатқалында 66 жастағы ер адам қайтыс болды

Үлкен Алматы шатқалының таулы аймағында 66 жастағы ер адам қайтыс болды. Жақындарының айтуынша, ол бүгін жалғыз өзі тауға серуендеуге шыққан. Туыстары қоңырау шалғанда, жауап бермегендіктен, олар дереу құтқарушыларды шақырған. Нәтижесінде, Республикалық жедел құтқару жасағы ер адамның мәйітін тауып, полиция қызметкерлеріне тапсырған.