Қызылордада 267 түп сора өсімдігін еккен күдікті қолға түсті. Сырдария ауданының тұрғыны шөпті ауласына өсірген. Оның ұзындығы шамамен 1,5-2 метрге жеткен. Күдікті «Қара сора-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қолға түсіп отыр. Жалпы аймақта бұл операция басталғалы жарты тоннадан аса есірткі тәркіленген, 57 құқық бұзушылық тіркелген.
Әділхан ҚАНЗАДАЕВ, СЫРДАРИЯ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Сараптама қорытындысына сәйкес тіркелген есірткі заттар жалпы салмағы 248 кг. 740 гр. екендігі анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде. Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың 1 маусым – 31 қазан аралығында республика көлемінде «Қарасора-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.