$478.89 €528.74 ₽5.29
×

Түркістан облысында автобус пен мотоцикл соқтығысты

Түркістан облысында автобус пен мотоцикл соқтығысты

Түркістан облысында автобус пен мотоцикл соқтығысты. Салдарынан 37 жастағы мотоцикл тізгіндеген жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Жол көлік оқиғасы Сарыағаш ауданында орын алды. Бенебақылау камерасында түскен видео әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада қалааралық автобустың жүйткіп келе жатқаны көрінеді. Сарыағаш ауданының полициясымен жол көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу амалдары басталды.

Гүлнар ӘБДІРАХМАНҚЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Анықталғанындай автобус жүргізушісі бағдаршамның қызыл шамына тоқтамай, спорттық мотоциклмен соқтығысты. Нәтижесінде 37 жастағы мотоциклшы қайтыс болды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалды.