Өткен жылдың басынан бері білім саласында 247 қылмыстық іс тіркеліп, 15,5 млрд теңге көлемінде шығын келді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді. Мәселен Талдықорған қаласындағы білім бөлімінің лауазымды тұлғалары жұмыс істемеген адамдардың және өздерінің жеке шоттарына заңсыз жалпы сомасы 4,5 млрд теңге бөлген. Ұйымдасқан қылмыстық топ пен оның қатысушылары 9 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Данияр БИГАЙДАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Қылмыс жасауда 327 адам әшкереленді, оның ішінде 154 адам түрлі жазалау шараларымен сотталды. Осы ретте 86 бухгалтер, 17 мектепке дейінгі мекеме басшысы, 13 мектеп және колледж директоры, 4 білім бөлімінің басшысы және т. б. сотталды