$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қайда жүрсе де аман болсын: Демеу Жадыраевтың анасы көзіне жас алды

AstanaTV
08.08.2024ж. 06:47
210
Қайда жүрсе де аман болсын: Демеу Жадыраевтың анасы көзіне жас алды

 Жетісу облысы Алакөл ауданының орталығы Үшаралда бүкіл ауыл далада үлкен экран алдына жиналды. Бүгін түнде осы елдің тумасы Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасы финалында жапон спортшысы Нао Кусакамен белдесті, - деп жазды KAZINFORM

Жиналғандар арасында Демеудің анасы және қазақстандық грек-рим күресі палуаны, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы Нұрбақыт Теңізбаев бар. 

«Демеудің күмісіне қуаныштымыз. Алтын медаль болады деген үмітпен бәріміз қолдау көрсеттік. Дегенмен, мұның өзі үлкен жетістік. Демеу бар күш-жігерін салып, қолынан келгенін жасады. Қазақ еліне үлкен қуаныш сыйлады», — дейді Нұрбақыт Теңізбаев. 

Белдесуден кейін көпшілік Демеудің анасын құттықтап, жылы лебізін білдірді. 

«Қуаныштымын. Қайда жүрсе де дені сау болсын баламның. Ізін жалғайтын інілері соңынан ере берсін», — деді анасы көзіне жас алып.