$494.95 €525.49 ₽5.05
×

Риддер тұрғындарының жылу ақысына төлеген 50 млн теңгесі қайтарылады

AstanaTV
08.08.2024ж. 08:58
352
Риддер тұрғындарының жылу ақысына төлеген 50 млн теңгесі қайтарылады

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы тұрғындарының жылу ақысы үшін артық төлеген 50 млн теңгесі қайтарылады.

Орталықтандырылған жылу қызметтерін пайдаланатын және жылу есептегіш құралдары жоқ Риддер тұрғындарына өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу қызметтерінің құны қайта есептелді.

Бұл жұмысты Табиғи монополияларды реттеу комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері 2024 жылдың 1 тамызына дейін жылумен жабдықтау қызметін көрсеткен Риддер қаласы әкімдігінің «Су арнасы» мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп жүргізді.

«Соның нәтижесінде Риддер қаласы бойынша 2023-2024 жылғы жылыту маусымында халыққа қайтарылатын сома 50 млн 401 мың теңгені құрады. Айта кету керек, енді барлық тұтынушы коммуналдық жылу есептегіш құралдарын пайдалануға ауысатындықтан, тұрғындар тек нақты тұтынылған жылу энергиясының көлемін төлейді және сәйкесінше қайта есептеу қажет болмайды», - деп хабарлады департамент өкілдері.