$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақ-өзбек шекарасында жаңа өткізу бекеттерін ашу мәселесі пысықталды

AstanaTV
08.08.2024ж. 15:18
310
Қазақ-өзбек шекарасында жаңа өткізу бекеттерін ашу мәселесі пысықталды

Қазақ-өзбек шекарасында жаңа өткізу бекеттерін ашу мәселесі пысықталды. Бұл туралы Ақордада Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты,- деп хабарлайды Ақорда.

«Тағы бір үлкен маңызды бағыт – көлік-логистика саласы. Біз халықаралық көлік дәліздерінің бәсеке қабілетін арттыру қажеттігін атап өттік. Ол үшін өз арамыздағы және үшінші мемлекеттермен арадағы көлік байланысын жақсарта түсуіміз қажет. Сонда елдеріміздің аумағы арқылы тасымалданатын жүк көлемі ұлғая түседі. Транскаспий бағытын және Солтүстік-оңтүстік дәлізін тиімді пайдалану жайын талқыладық. Сондай-ақ Ауғанстан арқылы өтетін темір жол құрылысы аясында бірлескен жобаларды іске асыру туралы пікір алмастық. Шекарада жаңа өткізу бекеттерін ашу мәселесін пысықтадық. Жалпы, осы бағыттағы ықпалдастық өзара сауда-саттыққа тың серпін береді ойлаймыз», - деді Президент. 

Мемлекет басшысы бұдан бөлек, су-энергетика саласындағы жұмысты үйлестіру мәселесі талқыланғанын атап өтті.

«Қазір екі елдің жауапты мекемелері арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Мемлекетаралық су шаруашылығы құрылымдары арнайы кестеге сәйкес жұмыс істеп тұр. Біз бұл бағыттағы бірлескен жұмысты жалғастыра беремізһ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.