$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы парамен ұсталды

AstanaTV
06.03.2017ж. 20:00
2333
Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы парамен  ұсталды

Астанада тағы бір топ мемлекеттік қызметкер ұсталды. Инвестиция және даму министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы мен орынбасары және 16 адам қамауға алынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро мәліметінше, Базарбай Нұрабаев қылмыстық топты басқарып, ауқымды қылмыс жоспарымен ірі көлемде пара алып келді деген күдікке ілінді. Ол жер қойнауын зерттеу туралы келісімшарт жасауға ықпал еткені үшін "Акмола Голд" ЖШС өкілінен 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталған.  Сондай-ақ төраға мен орынбасары пара ретінде 25 мың доллар болатын AUDI Q7 көлігі мен Шымкентте құны 25 мың доллар болатын 3 бөлмелі үй алған. Комитет басшысы қалтасына басқан пара көлемі - 100 мың АҚШ доллары. Мұнымен қоймай, қызметтік бабын пайдаланып, құпия ақпаратты қолданған. Табысты кен орындарын еншіліс компанияларға заңсыз рәсімдеген. Арнайы компаниялар құрылып, олардың туыстары мен сенімді адамдары тең құрылтайшы болған. Кейін олардың үлестері нарық бағасымен сатылып келген. Бұл қылмыстық істің бір парасы ғана. Күдіктілер ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.