$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Транс-Каспий халықаралық көлік бағытында тасымалданатын жүк көлемі бес есеге ұлғаюы мүмкін

08.08.2024ж. 20:00
353
Транс-Каспий халықаралық көлік бағытында тасымалданатын жүк көлемі бес есеге ұлғаюы мүмкін

Қазақстан өз серіктестерімен бірлесіп, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын барынша дамытып жатыр. Осы бағытпен тасымалданатын жүк көлемі орта мерзімде бес есеге артуы мүмкін. Қазақстанда теңіз инфрақұрылымының, яғни Ақтау және Құрық айлақтарының дамуына байланысты жаңа мүмкіндіктер ашылды. Аталған порттар арқылы Қытайдан, Орталық Азия елдерінен Оңтүстік Кавказға, Түркияға, одан әрі Еуропаға жөнелтілетін жүк көлемі ұлғайып келеді. Қазірдің өзінде мұнда бірнеше ірі жоба қолға алынған. Соның бірі – Атау теңіз портындағы контейнер хабы құрылысы. Жоба құны – 43,2 миллиард теңге. Жоба іске қосылған кезде контейнерлерді ауыстырып тиеу бойынша өткізу қабілеті жылына 300 мыңға дейін артады деп күтілуде.

Өмірбек САҒЫНДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қазіргі уақытта Ақтау теңіз портының әлеуеті жылына небәрі 70 мың контейнерді құрайды. Президент бізге Құрық портын толыққанды логистикалық кластермен құруды тапсырды. Тапсырма аясында қазір ірі жоба-"Саржа" көпфункционалды теңіз терминалының құрылысы жүзеге асып жатыр. Жобаның сомасы жеке инвестордың есебінен 98 миллиардты құрайды.

Жоба жартылай іске қосылды. Жүктерді ауыстырып тиеу басталды. 2018 жыла толық аяталады деп жоспарланған. Бұл ретте, Ақтау және Құрық порттарында түп тереңдету бойынша жұмыстар қатар жүргізілуде. Бұл -терминалдық қуатты одан әрі ұлғайтуға мүмкіндік береді.