$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Астанада екпіні күшті желден Air Astana ұшағына зақым келді

AstanaTV
08.08.2024ж. 22:24
599
Астанада екпіні күшті желден Air Astana ұшағына зақым келді

Астана әуежайында Air Astana ұшағына зақым келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"8 тамызда Астана-Атырау бағыты бойынша КС 983 рейсін орындауға жоспарланған ұшақ қатты жел кезінде елордалық әуежайда контейнердің соққысынан зақымданған", - деп хабарлады Air Astana баспасөз қызметі.

Ұшақты ауыстыруға байланысты рейс әзірше екі сағатқа кешіктірілді.