$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Ақтөбеде жаңбыр кезінде асфальт опырылып, көпқабатты үйде кәріз суы кері ақты

AstanaTV
09.08.2024ж. 10:16
225
Ақтөбеде жаңбыр кезінде асфальт опырылып, көпқабатты үйде кәріз суы кері ақты

Ақтөбе қаласында да нөсер жаңбыр жауып, көпқабатты үйде кәріз суы унитаз, ваннадан кері ақты. Ал орталықтағы Ағайында Жұбановтар көшесінде жол опырылып түсті, - деп жазды KAZINFORM 

Ақтөбе қаласында кеше нөсер жауын жауды. Қала тұрғынының айтуынша, Бөкенбай батыр 157 мекенжайында орналасқан «Авиатор» тұрғын үй кешенінде кәріз суы кері ақты.

«Жаңбыр кезінде кәріз жүйесінен ақау шығып, унитаздан, ваннадан кері ақты су. Үш сағат бойы еш көмек болмады», - деді қала тұрғыны Шыңғыс Бейсатов.