$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қостанайлық жігіт анасы мен әпкесіне пышақ ала жүгірген

AstanaTV
09.08.2024ж. 11:28
320
Қостанайлық жігіт анасы мен әпкесіне пышақ ала жүгірген

Қостанайлық 21 жастағы жігіт әпкесі мен анасына суық қарумен шабуылдады. Ол осы әрекеті үшін психиатриялық ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алау" ақпаратынша, екі әйелге пышақ салу фактісі бойынша полиция 21 жастағы жігітке қатысты қылмыстық іс қозғады. Сот процесінде оның 62 жастағы анасы мен 37 жастағы әпкесіне жарақат салғаны анықталды.

"Зардап шеккендер амбулаториялық ем алуда. Қазіргі уақытта күдікті облыстық психиатриялық ауруханаға жатқызылды. "Екі адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі