Оралда
бургерден ұшынғандар дауы аяқталды. Бірақ 29 адамның астан улануына жазықты деп
танылған айыпталушы жазадан оңай құтылды. Сот оны бостандыққа жіберіп, 2 миллион
теңге айыппұл төлеуге міндеттеді. Ал айыпталушының қылмыстық жауапкершіліктен
құтылуына рақымшылық заңы себеп болған екен. Еркін Қарин тарқатады.
Еркін
Карин, тілші:
Былтыр
қараша айында басталып, 4 айға созылған дау бүгін аяқталды. Бірақ астан уланған
азаматтардың дәмхана иесіне қояр талабы жоқ болса керек, соттың соңғы
отырысында жәбірленушілердің ешбірі көрінбеді.
Дәмхана қожайыны олардан
кешірім сұрап, бітімге келіпті. Дегенмен, кәсіпкер Қылмыстық кодекстің 304-бабы
1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, санитарлық ережелер мен гигиеналық
талаптарды бұзғаны үшін айыпталды.
Суд
приговорил Кабекешова Нугмана признать виновным и назначить наказание 1 год.
Бірақ
ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылық заңына іліккен
кәсіпкер бостандыққа жіберілді. Дегенмен, ол алдағы үш жыл бойы кәсіпкерлікпен
айналыса алмайды - сот бұл іске тыйым салды. Ал зардап шеккен 29 адамның біреуі
айыпталушыдан 50 мың теңге талап еткен.
Мағира
Қитарова,
Орал қалалық қылмыстық сотының судьясы:
ҚР Егемендігінің 25 жылдығына байланысты
Қабекешов негізгі жазадан босатылды. Негізгі жаза - бас бостандығынан шектеу
жазасы. Сонымен қатар мемлекеттің кірісіне 2 138 838 теңге өндірілді. Сот
үкімімен жәбірленуші Бөкенбаеваның пайдасына Қабекешовтен 50 мың теңге
өндірілді.
Бұл
2 миллион теңге - тағамнан уланғандарды емдеуге жұмсалған мемлекет шығыны екен.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, былтыр 9 қарашада Орал қаласындағы "Бургер
стрит+" дәмханасында ас ішкен 29 адам өздерін жайсыз сезініп, ауруханадан
бір-ақ шыққан еді. Науқастардан сальмонеллёз жұқпасын тапқан дәрігерлер
дәмхананың дау ошағы ғана емес, түрлі жұқпалы аурулардың ошағына айналғанын
анықтады.
Еркін
КАРИН