$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Астанада "Абай - тұтас бір әлем" атты кітап көрмесі ұйымдастарылды

09.08.2024ж. 20:00
201
Астанада "Абай - тұтас бір әлем" атты кітап көрмесі ұйымдастарылды

«Адамзаттың Абайы». Осындай атаумен Астанада рухани шара ұйымдастырылды. Негізгі мақсат Ұлы ақынның мұрасын ұлықтау, өскелең ұрпаққа насихаттау. Шара аясында "Абай - тұтас бір әлем" атты кітап көрмесі өткізілді. Онда жазушы Қалибек Алтыбаевтың «Абай әлеміне саяхат» кітабының таныстырылды. Сондай-ақ ақынның өлеңдері шет тілдерінде оқылып, әндері шырқалды.

Әлібек АСҚАРОВ, ЖАЗУШЫ:

Бұл кітап Абайдың ілімін жалғастырушы шәкірттеріне қатысты суреттермен берілген жақсы кітап. Бұл танымдық тұрғыда керек. Оқып отырып, біраз дүниеге көзің жетеді. Адамға білім беретін, өрісін кеңейтетін бір кітап деп есептеймін.

Айбол ӘБЕУ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ 6636 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ:

Қазақтың ұлы ақыны өлеңдері өте көп. Абай атамыз жастайынан зерек болып өскен өте дара, дана кісі.13 жасынан бастап ел билеу ісіне араласып ел ішіндегі дау дамайдың барлығын шешкен.