Алматыда «Аманат» партиясының ұйымдастыруымен «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты қоғамдық дәріс өткізілді. Алдымен жиналған жастарға ұлы ақынның шығармалары таныстырылып, еңбектері насихатталды. Шараға ақынның ұрпағы Нұргүл Ысқақова арнайы шақыртылған. Ол үлгі боларлық өнегелерін айтып, тәрбиелік мәні зор әңгімелерімен бөлісті.
Сондай-ақ, Абай отбасы жайындағы тың деректермен де бөлісті. «Аманат» партиясы осындай шараны барлық ауданда ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Нұргүл ЫСҚАҚОВА, АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ҰРПАҒЫ:
Қазір Абай атамыздың туған күні үлкен мереке етіп аталып өтіліп жатыр. Өте қуаныштымыз. Бірақ бұл мереке күнін мен демалыс қып емес, дәл осындай кездесулер, осындай Абай атамызды дәріптеп, өлеңдерін оқып конференциялар, осындай жиындар болғанын қолдаймын да, өте қатты қуанамын да.