Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Қасым-ЖомартТоқаевты халықаралық форумға қатысуға шақырды. Ұсынысты мемлекет басшысымен кездесуде айтты. Президент саммит жұмысына қатысқаны үшін Сердар Бердімұхамедовке алғысын жеткізіп, оның бұл сапары екі ел арасындағы көпжақты серіктестікті одан әрі ілгерілету тұрғысынан маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ үкіметтер өзара сауда көлемін 1 миллиард долларға жеткізу үшін жұмыс істеп жатыр. Бұған елдеріміздің барлық мүмкіндігі бар. Энергетика, өнеркәсіп, көлік, логистика және басқа да салалардағы бірқатар жобалар жүзеге асыру сатысында тұр деді Президент.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Қазақ-түрікмен қарым-қатынасы табысты дамып келеді. Сондай-ақ стратегиялық әріптестік сипатына толық сай. Көпқырлы мемлекетаралық байланыстарымызға қолдау көрсеткеніңіз және оны үнемі нығайтуға атсалысқаныңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Бұған дейін айтқанымдай, экономикалық ынтымақтастығымыздың деңгейі жоғары.