$494.87 €520.65 ₽4.91
×

JBIC Жапония халықаралық ынтымақтастық банкі құны 2,3 млрд доллар болатын 26 жобаны іске асыруды қаржыландырды

09.08.2024ж. 20:00
360
JBIC Жапония халықаралық ынтымақтастық банкі құны 2,3 млрд доллар болатын 26 жобаны іске асыруды қаржыландырды

JBIC Жапония халықаралық ынтымақтастық банкі Қазақстанда энергиямен және сумен жабдықтау, тау-кен өнеркәсібі, сондай-ақ көлік-логистика салаларында құны 2,3 млрд доллар болатын 26 жобаны іске асыруды қаржыландырды. Бұл туралы Премьер-Министрі Олжас Бектенов Жапония халықаралық ынтымақтастық банкінің төрағасы Хаящи Нобумицумен кездесуінде айтылды. Басқосуда қаржы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Қазақстанның Даму банкімен бірлесіп энергетика, көлік саласы, машина жасау, азық-түлік өнеркәсібі және басқа да басым салалардағы бірлескен жобаларды қаржыландыруды жоспарлап отыр. Өз кезегінде JBIC төрағасы Хаящи Нобумицу ESG шеңберінде «жасыл» қаржы және транзиттік қаржыландыру саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық перспективалы бағыттар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге ниет білдірді.

Олжас БЕКТЕНОВ. ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

«Жапонияның оңтүстігінде орын алған жер сілкінісіне байланысты хабарды өкінішпен қабылдадым. Ең бастысы, адамдар аман болып, табиғи апат ауқымды шығындарға алып келмейді деп үміттенемін. Жапония – біздің негізгі сауда-экономикалық әрі инвестициялық серіктесіміз. Бүгінде қазақ-жапон қатынасы кеңейтілген стратегиялық әріптестік рухында дамып келеді. Қазақстан Үкіметі ынтымақтастық көкжиегін кеңейту ниетін құптайды және бірлескен жобаларды іске асыруда қажетті қолдау көрсетуге дайын.