Биыл 23 маусымда Гидра аралындағы қарағайлы орманда отшашудың арты өртке ұласты. Яхтаның капитаны жауапкершілікті өз мойнына алды. Бұл туралы Ekathimerini басылымы хабарлайды, - деп жазды KAZINFORM
Басылымның мәліметінше, Қазақстан азаматтары демалған Persephoni I жеке яхтасының капитаны кінәсін толық мойындаған.
«Қолда бар мәліметтерге сәйкес, тұтқындалған капитан 2 тамызда өз еркімен толық жауапкершілікті мойнына алып, экипаждың қалған мүшелерін және шетелдік яхта жалдаушыларын ақтап, қосымша айғақ келтірді», — деп жазады басылым.