$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев елге оралды

AstanaTV
10.08.2024ж. 10:39
240
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев елге оралды

Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен күміс жүлдеге ие болған Демеу Жадыраев елге оралды. Спортшыны туыстары мен жанкүйерлері ерекше салтанатпен күтіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақ елінің үмітін ақтап, көк туымызды көкте желбіреткен ұлттық құрама спортшыларын Алматы қаласының әуежайынан туған-туыстары, БАҚ өкілдері, достары мен спорт саласының өкілдері құрмет-қошеметпен қарсы алды. 

Еске салсақ, жазғы Олимпиадада 77 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен балуан Демеу Жадыраев жартылай финалда Әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері Санан Сулеймановты жеңді.

Егемен Қазақстан тарихында бұл салмақта (77 кг) бірде-бір спортшымыз Олимпиаданың финалында күреспеген.