Алакөлде адамдар отырған катамаран аударылып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
"Бүгін таңертең құтқарушылар катамараннан суға түсіп, жағалауға өздігінен жете алмаған төрт адамға судан шығуға көмектесті", - делінген баспасөз хабарламасында.
Құтқарушылар оларды жағаға жеткізді, ер адамдарға медициналық көмек қажет емес.
Белгілі болғандай, олар су көлігін басқара алмаған.