$481.84 €531.33 ₽5.07
×

35 телефон, 3 қымбат көлік тәркіленді: Жетісуда адамдарды алдап келген қылмыстық топ ұсталды

AstanaTV
11.08.2024ж. 07:39
173
35 телефон, 3 қымбат көлік тәркіленді: Жетісуда адамдарды алдап келген қылмыстық топ ұсталды

Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдары бүкіл ел бойынша алдау жолымен алаяқтықпен және ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті. Бұл туралы облыс прокуратурасы мәлім етті.

Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша 35 ұялы телефон, 135 сим-карта, 2 пневматикалық тапанша және 3 қымбат көлік тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп, зардап шеккендер анықталып жатыр.

Қазірдің өзінде 70 жәбірленуші анықталды, олардың шығыны 100 миллион теңгеден асады, зардап шеккендер саны көбейіп жатыр.

«Құрметті азаматтар қырағы болып, банктік шоттардың деректемелерін ешкімге бермеңіздер, сондай-ақ үшінші тұлғаларға ақша аудармаңыздар», - делінген хабарламада.

 Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.