Алматы тауларындағы өзенге ер адам батып кетті. Оның денесін ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының мәліметінше, Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең шатқалында 1961 жылы туған ер адам отбасымен және достарымен Қаскелең өзенінің жағасында демалып жатқан. Шомылуға бел байлап, ер адам суға кірген, бірақ тау өзенінің қатты ағысы оны алып кеткен.
«РЖҚЖ жедел тобы ер адамның денесін болжам бойынша құлаған жерінен 1 шақырым жерден өзеннен шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды», - делінген хабарламада.